"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқужылындағы І жартыжылдық бойынша тәрбие жұмысының ЕСЕБІ

2022-2023 оқужылындағы І жартыжылдықбойыншатәрбие

жұмысыныңЕСЕБІ

«Аңғал батыр ауылының ЖОББМ» КММ

2022-2023 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша  тәрбие жұмысының

ЕСЕБІ

   Аңғал батыр ауылының жалпы орта  мектебінде    «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың  2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау  хатты басшылыққа ала отырып тәрбие  жұмысының  жылдық жоспары құрылды. 

  2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар басшылыққа  алынды:

✓ «Оқуға құштар мектеп»;

✓ «Отбасы – орта мектеп»;

✓ «Құқықтық сана – қауымға пана»;

✓ «Дәстүр мен ғұрып»;

✓ «Еңбек – елдің мұраты»;

✓ «Үнем – қоғам қуаты»;

✓ «Дебат» қозғалысы;

✓ Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары;

 Тәрбие бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар.

     Тәрбие  жұмысының  8 басым  бағыттары  және  жобалар  бойынша  жоспары құрылып, төмендегідей іс-шаралар өткізілді.

    Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие  бағыты  бойынша  1 қыркүйек күні Білім күніне арналған  мерекелік іс-шарадан басталды.  Білім күніне орай мерекелік іс-шарадан кейін  сынып жетекшілері  «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»   тақырыбында  сынып сағаттарын өткізді.  

 

 

 Тіл мамандарының ұйымдастыруымен 0-10 сынып оқушыларының аралығында 22 қыркүйек   Қазақстан халқының тілдер күні  мерекесіне  орай оқушылар арасында «Тілім менің-тірегім» атты  мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. К. Негметжанова 22 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне және А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  6-9 сынып оқушылары арасында «Тілімізге деген көзқарас - елімізге деген көзқарас» тақырыбында шығарма сайысын өткізді.   Сайыста өз шығармашылығын мазмұнды жазған оқушылар марапатталды.

    Мемлекет көлемінде аталып өткен  «Республика күні»  мерекесіне іс-шаралар кешені ұйымдастырылып өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  А. Е. Ахметжанова  «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына 5-9 сынып оқушылар арасында эссе,  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған викторина, бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова А.С.оқушылармен бейнеролик дайындап, «Екі шыбын» мысалын қойды. Тіл мамандарының ұйымдастыруымен А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ана тілім ардағым» мәнерлеп оқу сайысы екі кезеңде өтілді. 1-4, 5-9 сыныптар аралығында. Белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды. 9 сынып оқушыларының құттықтауы бейнеролик «Тіл- тәуелсіздіктің айғағы». Бастауыш сынып оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына жеке жеке өлеңдер айтып, бейнероликтер түсірді. 8 сынып оқушыларымен «Қазақтың текті қыраны Талғат Бигельдинов туралы» тәрбие сағаты өткізілді. 9 в сыныбында «100 лет Т.Бигельдинову» тәрбие сағаты. «Екі мәрте соғыс ардагері Талғат Бигельдинов» тақырыбында дәстүрлі линейка өткізілді. 7 сыныптың ұйымдастыруымен 7 сыныпта жетекшісі Д.А. Мухамеджанова «Қазақтың текті қыраны Т.Бигельдинов» сынып сағаты, 9 сыныпта жетекшісі М.А. Какимова «Қыран қазақ» тәрбие сағаты. Мектеп кітапханысында аталмыш тақырыпқа көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы Сатаева Ш.К. Орыс тілі сабағында «Читаем Пушкина всем миром» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтілді. «Тәуелсіздік тұғыры» атты тақырыбында сурет байқауы, кино көру, тәрбие сағаттары, сайыс «Елімнің еркіндігі» тәрбие сағаты сайыс түрінде өткізілді.  А.Р. Егинбаева  «Менің Отаным -Қазақстаным»  атты  патриоттық ән байқауы және  Республика күніне арналған «Менің Отаным Қазақстан» атты концерттік бағдарлама  ұйымдастырып, өткізілді. Республика күніне барлық сыныптарда «Егемен елдің еңсесі биік», «Қазақстан еліне саяхат», ұстаздар арасында «Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында челлендж ұйымдастырылып, Тасшалқар ауыоына жолданды. 9-10 сыныптар аралығында «Таңғажайып алаңы» сайысы өткізілді. 9 в сыныбында патриотический час «Патриотизм- любовь к Родине», 5 сыныпта «Туған жерім-Қазақстан», 2 сыныпта «Мадақтаймын сені!» суреттер байқауы өткізілді.

   «Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы бойынша «Бала құқығы-адам құқығы» айлығы жоспарына сәйкес төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында  6 сыныпта жетекшісі Камалиева Т.А.  «Балалардың құқықтары» атты тақырыпта тәрбие сабағы және апталық линейка «Бала құқығы» тақырыбында өткізілді.«Менің құқығым» сурет байқауы,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.К. Негметжанова «Құқықбұзушылық және заңдық жауапкершілік» 5-9 сынып оқушылары арасында эссе конкурсы, 

27.10.2022 ж. ДТІЖО Жолдасова И.З.  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», қықыбұзушылық, жемқорлық, интернет желісіндегі қауіпті ойындары тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Б.Е. Бекахметова «Балалық шақты бірге қорғайық» атты тәрбие сағаты өтті.

   Балалардың құқықтарын және Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптарын түсіндіру бойынша  ДТІЖО мен  мектеп тәлімгері  К.С. Балтабаева  «Өз құқығынды білесің бе?» атты дәріс,5 сыныптың жетекшісі А.Ж. Исабаева  «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы!» тақырыбында 5-сыныпта сынып сағаттын,8 сыныптың жетекшісі А.Р. Егинбаева «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында бейнеролик,  бастауыш сыныпта «Жол белгілері мен таңбалары», «Менің құқығым мен міндетім» атты тәрбие сағаттарын  ұйымдастырды.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бойынша өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тәрбие сағаты мен сурет байқауын, 5-10 сыныптар аралығында  "Тәуелсіздік-теңдесі  жоқ байрағым", «Тәуелсіздік- тұғырым», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»  тақырыптарға және 9 сыныптың жетекшісі М.А. Какимованың ұйымдастыруымен "Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы" атты әдеби- музыкалық сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мектеп кітапханашысы  Ш. К. Сатаева  «Менің Тәуелсіз елім»  кітап көрмесін,

 15.12. 2022 ж.  Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Республикалық  Бірыңғай «Жас Ұлан» және  «Жас қыран»  балалар мен жасөспірімдер ұйымына   қабылдауын өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері тоғызқұмалақ,  үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырды.

    Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбиенің мақсаты балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас.

   Рухани-адамгершілік тәрбие-адамгершілік бейнесі, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері - гуманизм, ар-ождан, ар-намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, серіктестік, мейірімділік, ұят, қағидаттық, мейірімділік, ынтымақтастық, ұлттық келісімнің құндылығы, басқа халықтардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу; өмірге этикалық жауапты көзқарас сияқты құндылықтарды қалыптастырады. Рухани-адамгершілік тәрбие бағытында  ауданнан теолог Аубакиров М.Д. және Жастар ресурстық орталығының директоры Әлжанов А.Ж. «Жастар ортасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

  Халықаралық қарттар күніне орай  мектепте 30.09.«Қарттарым – асыл қазынам»  атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік жиын қарттарымызға арналған ән-шашу- мерекелік концертпен ашылды.Аталған мерекелік жиынға зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері  шақырылды.  

  Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 4.10. 22 ж. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар ұстаздарды құттықтап, «Дерижер күні» аталып өтті. 

   Ұлттық тәрбие.Жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау мақсаты  «Дәстүр мен ғұрып» жобасы арқылы іске асырылды. 16.09.  Тіл мамандарының ұйымдастыруымен  Тіл мерекесі онкүндігінің шеңберінде «Полиглот» интеллектуалдық сайыс өтті. Онкүндіктің ашылуына тақырыптық линейка өткізіліп, үш тілде үш жүргізуші жүргізіп, оқушыларға викториналық сұрақтар мен кроссвордтар берілді. Іс-шараға барлық оқушылар белсене қатысып, әр сынып қабырға газетін шығарды. Ежелден келе жатқан 4000 жылдық тарихы бар ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу  мақсатымен 5-8 -сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімі  Калиев С.К.  мектепішілік жарыс  өткізді. Ойыннан озған оқушылар 3 орын бойынша марапатталды.

І орын  8- сынып оқушысы Қаматай Жансұлу

ІІ орын 6- сынып оқушысы Калиев Ертарғын

ІІІ орын 5- сынып оқушысы  Өмірзақ Шыңғыс   

   Қазақ халқының  ұлттық  салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын тереңірек үйрету арқылы ұлттық тәрбиені бойларына дарыту мақсатымен мектеп тәлімгері Балтабаева К.С.  «Салт-дәстүрді-қаншалықты білеміз» атты зияткерлік ойын сабағын өткізді.

    Мектепжұмысыныңнегізгібағыттарыныңбірі - Отбасылықтәрбие. Мектептегіотбасылықтәрбиеніңмақсатыкелесіқұндылықтардықалыптастыруболыптабылады: некеқұндылығыжәнеотбасымүшелерінқұрметтеу; толыққандыотбасынқұруүшінденсаулыққұндылығы; руханибайлық; туыстары мен жақындарынадегенадалдықсезімі; отбасылықдәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлердіұқыптықарау; анақұдыреті; сүйіспеншілік, адалдық, достық – құндылықсезімдері. Отбасылықтәрбиегебайланыстысыныпжетекшілерата-аналаржиналыстарын  «Ата-анамжәне мен» ,  «Отбасы-бақыт мекені» 2 сыныпта сынып сағаты, «Балалардыңжелідегі  қауіпсіздігі», «Буллинг   жәнекибербуллинг», «Тәрбиелі бала- ата- анамерейі», «Отбасындабалалардыадамгершіліккетәрбиелеу» тақырыптарындаата- аналардыңқатысуыменнасихатсабақтарын , «психологиялық тренинг», сауалнамалар , «тәжірибеалмасу»  сияқтытүрліформаттаөткізуде. Соныменқатар, 15 қыркүйек  «Отбасы бақытты мекен» отбасы күніне орай бастауышсыныптарарасындатәрбиесағаттары, фотоколлаж жасапөткізді.

Балтабаева К.С. «Мақал - сөздің мәйегі» атты, желтоқсан  айында «Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл»фотожобасын, 27.10. ДТІЖО И.З. Жолдасова, мектеп психологы  М.Т. Рахимжанова   «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысын өткізіп, жиналыстың күн тәртібінде осы тақырыптар негізге алынды. Мақсаты  отбасындағы  құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып,  еліміздің жақсы азаматы болып өсуіне тәрбиелеу.

    Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылардың бойында еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтар қалыптастыруға көмектеседі.  Бастауыш сыныптар аралығында «Күзгі орманға саяхат» ұйымдастырылды. Қазан айында «Нан күніне» орай, «Нан- дастархан байлығы» тақырыбында линейка өтілді, бастауыш сыныптар аралығында «Ас атасы-нан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

 

   Кәсіби бағдар беру бойынша «Мен мамандық әлеміндемін» атты психологиялық танымдық ойын 8-9 сыныптар аралығында бағдар беруші Балтабаева К.С.,  «Мамандықтың бәрі жақсы» атты дөңгелек үстел, қаңтар айында «Түлектермен кездесу» өткізілді.

   Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбие  әр адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті,соның ішінде балалардың кибер мәдениеті мен кибер гигиенасын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастырады.  Осыған орай  5-7 сынып оқушылары арасында «Алтын сандық» сайысы, «Кім тапқыр?» «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Не? Қайда? Қашан?», «Кім көп біледі?» сайыстары ұйымдастырылды.

1 орын-5 сынып

2 орын -6 сынып

3 орын- 7 сынып

   Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың құндылығын қалыптастырады. Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.  Осыған орай  қырқүйектің 24 күні мектебімізде «Бүкіл Әлемдік Туризім күніне»  арналған  тәрбие сағаттары,  эстафеталық   жарыс   өтті. Сонымен қатар,  «Денсаулық-адам байлығы», «Электронды темекі және жас ұрпақ» , «Вейп темекінің зияны» тақырыбында тәрбие сағаттары,  «ЖИТС – XXI ғасыр дерті» тақырыбында линейка, тәрбие сағаттары ұйымдастырылып,  денсаулық сабақтары өткізді. Шахмат ойынынан мектепішілік жарыс, олимпиада өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Калиев С.К. Биология, химия пәнінің мұғалімі Какимова М.А. «Жаратылыстану әлемі» тақырыбында сайыс өткізді.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері көңілді спорттық ойындар, эстафеталық жарыстар,  «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»  қазақтың ұлттық ойындарын ұйымдастырды. «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында апталық өткізілді. Барлық сыныптарда тәрбие сағаттары, линейка, «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ», дөңгелек үстел «Зорлық, зомбылық және қатыгездік» 8-9 сыныптар аралығында. «Жемқорлыққа жол жоқ!» «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сайыстар, тәрбие сағаттары, суреттер көрмесі, эссе жазу  өткізілді.

Жол қауіпсізідігі бойынша бастауыш сыныптар аралығында тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді. «Бағдаршам- біздің досымыз», «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» 1-3 сыныптар аралығында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

   Мектебімізде  Мектеп Парламенті және «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан белсенді өзін-өзі басқару оқушылар ұйымы өз жұмысын атқарып келеді. Бұл ұйымның басқару жүйесін  5-9 сынып оқушылары ұйымдастырады. ӨБ ұйымы тәрбие және оқу ісі бойынша атқаратын қызметіне зор көмегін тигізеді. Мектеп ішіндегі мерекелік іс-шараларды,   спорттық ойындарды ұйымдастыруда және өткізуде, сондай-ақ оқушыларды түрлі білім сайыстарына тарту және қатыстыруда бір шама істерді жүзеге асырып жатады. Өзін-өзі басқару ұйымы «Парасат» дебат  клубына да басшылық жасайды.Өзін-өзі басқару Мектеп Парламенті мен «Жас Ұлан» ұйымының бірлескен жоспарына сәйкес мектепте ұжымдық шығармашылық істер, акциялар,  ойындар, дебаттар ұйымдастырылады. Барлық атқарылған істер мектептің  инстаграмм, фейсбук парақшасында жарияланып отырады. 

  Оқушылардың оқу мәдениеттілігін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты  ой-өрісін арттыру, сөйлеу мәдениеттілігін дамыту мақсатында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы  бойынша жұмыс жоспары құрылды.  Кітапханашы Сатаева Ш.К. «Менің сүйікті кітабым», «Мен үйде оқимын» атты тәрбие сағаттарын, кітап көрмелерін өткізді. 1 сынып оқушылары кітапханада кітап оқып, саяхат жасап, жаңа кітаптармен танысты.  Сынып жетекшілері «Оқы және өзгеге сыйла"атты буккроссинг бұрышын,  әр дүйсенбі сайын  тәрбие сағатында  сынып жетекшілері оқушылардың  20 минуттық оқуын ұйымдастырып отырды. Сонымен қатар оқушыларды "Каникулда кітап оқимыз" марафонға қатыстырды. Мақсаты каникулда кітап оқып, кітапқа деген белсенділігін арттыру оқырман мадениетін қалыптастыру және көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар демалыста қандай кітап оқығаны туралы роликтер жасап, көрсетті.

     2022-2023 оқужылынынбасында  8-10сыныпоқушылардыңарасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы құрылып,  жылдықжоспарыбекітілді.

Мақсаты:Заманталабыныңсұранысынасанасыжетік, адамиқұндылықтыжанынасерікеткен, айналасына сын көзбенқарап, қоғамдықөміргебелсенеараласатынжастардыңжаңабуынынқалыптастыру. 

     Жоспарбойынша клуб мүшелеріменқыркүйек айында 9-10 сыныптар аралығында «Интернет пайдалы ма? Кітап пайдалы ма?» пікірталас өтілді. «ҰБТ тапсырған дұрыс па? 9 сыныптан кейін кеткен дұрыс па?»

Қазан айында «Егемендік- елдің баға жетпес игілігі»тақырыбында 8-10 сыныптар аралығында пікірталас өткізілсе, «Ұялы телефонның пайдасы бар ма? Жоқ па?»

Қараша айында «Мемлекет балаларға жағдай жасай ма?  тақырыбында 8-10 сыныптар   арасында пікірсайыс ұйымдастырды. Тәлімгер Балтабаева К.С.

  Желтоқсанның 5-сі күні  жылдық жоспарына сәйкес «Ұшқыр ой алаңы» дебат клуб мүшелерімен «Сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма?» тақырыбында пікірталас өткізілді .

 Ұйым мүшелерінің өткізген  әрбір іс-шарасы  сарапшылардың көңілінен  шығып, жоғары бағаланды.   «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубы  жылдық  жоспар негізінде  жұмысын  жалғастыруда.

Орындаған: ДТІЖО  И.З. Жолдасова

Жаңартылған күні: 16.06.2023 09:57
Құрылған күні: 16.06.2023 09:57

Текст