"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Азаматтық қорғаныс айлығы

04.04.2019

Амангелді орта мектебі бойынша

"Біздің мақсатымыз-балалардың қауіпсіздігін сақтау" айлығының  өткізілуі туралы мәтіндік есебі.

 "Біздің мақсатымыз-балалардың қауіпсіздігін сақтау" айлығы ақпанның 15-нен- наурыздың 25-күндері аралығында өткізілді. Мектепте айлықтың жоспары құрастырылып, іс -шараларға жауапты мұғалімдер тағайындалды. Жоспар бойынша келесі жұмыстар атқарылды: Жұма  күні  оқушылармен жиын өткізіліп, жоспармен таныстырылды. Мектеп директоры Шокаев Н.К. нұсқау белгілерін дайындап, ер мұғалімдер арасында кезекшілік құрды. Мектеп  кітапханашысы Сатаева Ш.К. көрме ұйымдастырып, оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы түсінік берді. АӘД- пәнінің мұғалімі Негметжанов А.З

І,ІІ ауысымда оқитын оқушылармен жеке  өрт қауіпсіздігін алдын алу  және төтенше жағдайлар  туралы мәлімет берді.

 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. 1,4,8,10 сыныптарда ашық сынып сағаттары, жалпы бастауыш  сыныпта "Өрт -тілсіз жау" тақырыбында  сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Балалардың өмірлеріне қауіпті үшкір, өткір заттардан, электр приборларынан, тұрмыстық химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат және слайд түрінде оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы түсінік берілді.

5-сыныпта өтілген  " Сіріңкенің зияндығы бойынша өрт қауіпсіздігі" атты сынып сағатында   оқушыларға  өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым аппаттардан сақ болуға, түрлі жағдаяттар көрініс түрінде  көрсетілді.

9-сынып  жалпымектепшілік  жиын өткізді. Жиынның мақсаты оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы түсінік беріп өтті.

 

8-сыныпта  "Төтенше жағдайлар " тақырыбына сынып сағаты өткізілді.

  

 

 

 

10-сынып  "Азаматтық қорғаныс" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Жеке қорғаныс құралдарын білу, оларды пайдалануды үйрету. Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі қорғай білу. Қасында зардап шеккен адамдарға көмектесу мақсатында сынып сағаты өткізілді.

7-сыныпта "Өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстыру" тақырыбында өткізілген сынып сағаты  және "Дабыл соғу" 7 -сыныпта АӘД пәнінің мұғалімі Негметжанов А.З. өткізген сабағының фотоесептері:

10- сыныпта "Ал, кәнекей жігіттер" атты сайыс  АӘД-жетекшісі Негметжанов А.З. ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы – елі мен жерінің амандығы. Ол үшін ел мен жерін көркейтетін салауатты ұрпақ тәрбиелеуді көксеген. Оларға жол көрсетіп, еңбек етуге бар ынтасын арнаған. Сол келешек қоғам иелерін, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, өнер иесі етіп тәрбиелеуде халқымыз: «Жігітке жеті өнер де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы азамат болу керек» - деп тәрбие беріп отырған. Ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді мақсат еткен.

Айлық  соңында мектеп оқушыларымен, мұғалімдер арасында  қорытынды жиын  өткізіліп, белсенді  қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары тапсырылды.

 

 АӘД пәнінің мұғалімі:                      Негметжанов А.З.

Просмотров: 993


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст