"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіз интернет

19.04.2019
Амангелді орта мектебінде өтілген
«Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқан өткізу туралы
мәтіндік ЕСЕП
2018-2019 оқу жылы
Біздің мектепте Ақмола облысының білім басқармасының хатына сәйкес 4-17 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық
Ақпараттық кампанияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының
әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке
толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет- қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары, дебаттар, дөңгелек
үстелдер, ата аналар жиналысы өткізілді. Атап айтсақ: «Интернеттің  пайдасы мен зияны», «Қауіпсіз интернет», «Ғаламторға тәуелділік»,
«Детям нужен с ранних лет безопасный интернет!», «Интернет  тәуелділік». Жоғары сыныптарда сынып сағаттары дебат түрінде өткізіліп,
оқушылар топтарға бөлініп, постерлер қорғады. Жақтаушы мен даттаушы топтар өте белсене қатысып, әр топ өз жобасын дәлелдеп, қорғай білді. Ата-
аналарға да интернеттің пайдасы мен зияны туралы ақпарат беріліп, балаларын көп уақыт интернетте отырмауын қадағалауды тапсырды

Мектеп директоры:                 Шокаев Н.К.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст