"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп бітіруші кеші - 2019

13.06.2019

                                                                Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,

                                                               Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.

                                                              Сіздер салған білімнің көпірімен,

                                                              Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

 

      Маусымның  12-сі күні Амангелді орта мектеп  түлектерінің  мектеп бітіру кеші өтті. Салтанатты бөлімі сағат 15:00- де  мектептің мәжіліс залында басталды. Зал шарлармен безендіріліп, көңілді музыкамен қонақтарды қарсы алды. Мәжіліс залы халыққа толы болды.  Биылғы 2018-2019 оқу жылы  11 сыныпты 2 оқушы және 9 сыныпты 19 оқушы аяқтады. Соның ішінде 9 «А» сыныбынан қызыл аттестатқа  1 оқушы  Салық Алуа  ие болды. Түлектерге аттестаттарды табыстау рәсімі   мектеп директоры  Н. Қ. Шоқаевқа және оқу  ісінің  меңгерушісі К.Т. Жароваға берілді.  Сапалы біліммен ерекшеленген оқу орданың түлектерін  ауыл  әкімі Ә.М.Жақыпова, мектеп директоры Н.К.Шокаев , алғашқы ұстаздары және ата -аналар  құттықтады. Түлектерді құттықтауға бірінші сынып оқушылары  және бишілер тобы  ән, би  шашуларымен келді. Салтанатты жиын биылғы жылы ерекше болды, себебі мектебімізді  осыдан 30 жыл бұрын аяқтаған яғни 1989 жылғы түлектер өздерінің мектепке арнаған сыйлықтарын (кілем мен гүлді) табыс етіп, жас түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Кеш жоғары деңгейде өтіп, соңында жас түлектер «Мектеп вальсін» биледі.

    Салтанатты  кезеңнен кейін ата -аналар тарапынан  оқушыларға кеш ұйымдастырылып, мектеп бітіру кеші мектептің асханасында жалғасты. Мұғалімдер  мен мектеп әкімшілігі арасынан кезекшілік ұйымдастырылып, балалардың қауіпсіздігін бақылап отырдық. Түнгі сағат 03.00-де кеш аяқталып, сынып жетекшілер тәрбие жөніндегі  орынбасарға хабарлады.   Кеш өту барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар болған жоқ.

Залдағы  21  түлектің әрқайсысының арқалаған арманы бар екені айтпаса да белгілі. Қалаған мамандық иесі атану, ата-ана үмітін ақтау, еліне адал қызмет ету - олардың алдағы мақсаты.  

Просмотров: 428


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст