"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала еңбегін қанауға жол жоқ!»

13.06.2019
1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «Балалар-әлемнің
базары» тақырыбында мерекелік іс- шара өткізілді. Концертте оқушылар
өздері дайындаған музыкалық номерлерін көрсетіп, аз қамтылған отбасы
балаларына демеушілер және қамқоршылық кеңестің тарапынан бөлінген
балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды. Оқушылар асфальтқа суреттер салып,
үздік суреттер сыйлықтармен марапатталды. Оқушыар бұл шарадан рухани
азық алып, тамаша көңіл-күймен қайтты
3 маусым мектеп психологы «Бала саудасына жол жоқ» атты парақшалар
таратып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
4 маусым мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
И.З.Жолдасова сәтсіз жанұя есебінде тұратын оқушылардың үйлеріне тексеру
актілерін жасап, ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
5 маусым күні «Тоқта!Бала еңбегі!» тақырыбында ақпараттық акция өткізді. Бұл
акция бала еңбегінің қаналуына қарсы жеке кәсіпкерлермен кездесіп, «Оқушы
балалардың еңбегінің қаналуына қарсымыз»атты ұранмен парақшалар
таратылды.
6 маусым күні «Бар әлем күлімдейді, сәбидің жанарында» тақырыбында мектеп
кітапханашылары видеороликтер көрсетілімін ұсынды. Көрсетілім мақсаты бала
құқығын қорғау, оларға шаттық көңіл-күй сыйлау болды.
7 маусым күні жоспарға сай «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» тақырыбында
мектепалы лагерь оқушылары флешмоб өткізді. Шараның басты мақсаты
бақытты балалық шақтың көңілді сәттерін жарнамалау болды.
10 маусым күні «Көңілді балалық шақ» атты лагерь оқушылармыен кездесу
өткізіліп, ойындар ойналды.
11 маусым күні «Алақай,жаз!» ұранымен таза ауада ойындар ойнатылып,
жасанды жартастарға өрмелеуден сайыс өткізілді.
12 маусым күні ата-аналарға бала құқығы мен бостандығы, жаз кезіндегі
қауіпсіздік ережелері бойынша кезектен тыс жалпы мектепішілік ата- аналар
жиналысы өткізіліп, ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары
жүргізілді.
Просмотров: 837


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст