"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы қоңырау

02.09.2019

Амангелді орта мектебінің 2019- 2020  оқу жылының

                   басталуына арналған салтанатты жиыны өтті

    

 Амангелді орта мектебінің бірінші қыркүйек  Білім күніне арналған «Сыңғырла күміс қоңырау» атты  салтанатты жиын сағат 10-00 де мектептің спорт залында басталды. Мектептің спорт залы шарлармен, жазулармен безендіріліп,музыка әуенімен келген оқушыларды, ата- аналарды,қонақтарды қарсы алды. Келген қонақтар орналасқан соң жиын дәл уақытында басталды.

   Салт бойынша жиынды екі жүргізуші ТІМ және тәлімгер екі тілде жүргізді. Сценарий бойынша 11  сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларын ортаға жетектеп алып шыққан  соң, Мемлекеттік әнұраны ойналды. Салтанатты жиынға ауданымыздан  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Истаев  Арман Сапаргалиевич және Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі Жакупова Амина Маликовна  қатысты. Мектеп директоры Н.К.Шокаевтың,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Истаев  Арман Сапаргалиевич және Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі Жакупова Амина Мәлікқызының құттықтау сөздерінен  кейін, келесі сөз кезегі мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Жарова Куаныш Талғатқызына берілді. 

 Биылғы жаңа оқу жылында Амангелді орта мектебінің қабырғасында 109  оқушы оқитыны мәлім. Даярлық сыныпқа 6 оқушы қабылданды. Оқушылар екі ауысымда оқылатыны, таңертеңгі сабақ сағат 8-30 -да, ал түстен кейін сағат 14:30-да басталыны туралы, сабақ ұзақтығы 40 минуттан, 5 күндік оқу аптасы және барлық оқушыларға бірыңғай мектеп формасы сақталатыны туралы ескертілді.

  Жас бүлдіршіндерге сөз беріліп, олардың дайындаған өлең шумақтарын тамашалап, ата -аналарға құттықтау сөз берілді.

     Алғашқы қоңырау  соғу рәсімін  11 сынып оқушысы Ғабит Рахат пен 1 сынып оқушысы  Салық  Еркежанға берілді.

  Жиынның соңында барлық оқушылар  «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты алғашқы сынып сағатына кірді.   

 

Просмотров: 660


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст