"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адалдық сағаты

03.09.2019

     Амангелді орта мектебінде 2  қыркүйек  күні

         Жалпыреспубликалық  бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті

           «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен өтіп жатқан адалдық сағаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бүгінгі күні біздің де мектебімізде барлық сыныптарда «Адалдық сағаты » бірінші сабақта сынып сағатында өтілді. Оқушыларға жемқорлық туралы баяндамалар, видеороликтер, слайд презентациялар көрсетіліп, олардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін одан әрі шыңдай түсті.

   Жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет.

Себебі ол, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған Агенттік ұстанымы жастар үшін маңызды бастама.

Оқу жылының  алғашқы күндері тәрбие  сабағында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында жүргізілді. Қазақ қоғамында қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелерінің әділдігі, Отанға және отбасыға деген адалдық, жаратушыға деген сенім халқымыздың осы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарымен қамтамасыз ету, болашақ жастар,  оқушылардың басты назарында болуы тиіс. Ал оларға оны дәріптеу, түсінікті етіп жеткізу, бүгінгі қоғам арасындағы жемқорлықты болдырмауға тырысуға үйрету  мұғалімдердің  міндеті болып табылады.

  Алдағы уақытта игі бастамаға еліміздің абыройын асқақатып  жүрген ел мақтаныштары, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділері де өз үлестерін қосады.  

  Өзіне - өзі сенімділік туа біткен қасиет емес, демек, оны адам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім - жетістіктің кілті, ал сол кілт өздеріңнің әрқайсыңның қолыңда…

Просмотров: 1101


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст