"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы – тәрбие бастауы, мектеп – тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағаты

29.10.2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 22 қазан күнгі № 01-13-7/3873-И хатының негізінде 2019 жылғы 25 қазан күні мектебімізде «Отбасы- тәрбие бастауы, мектеп -тәрбие жаршысы» бірыңғай сынып сағатары өткізілді. Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Отбасы тақырыбына барлық сыныптарда ата – аналардың қатысуымен сынып сағаттары өткізілді.

Просмотров: 714


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст