"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" акциясы

28.01.2020

Жаппай біліммен қамту екі айлығы мен «Мектепке жол»       

                      акциясы жөніндегі қорытынды есеп

                                   2019-2020  оқу жылы

 

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  04.07.2019 жылғы № 3-15-3/23-И  хаты және облыстық білім басқармасының 2019 жылғы 5 шілде күнгі № 202 бұйрығы негізінде  1 шілдеден  30-ыншы қыркүйек аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы негізінде   біздің мектепте жұмыстар ұйымдастырылуда. Аудандық білім бөлімінің хаты  негізінде мектепте бұйрық шығарылып, жоспар құрастырылды. Акция барысында  ауылымызда орналасқан бизнес құрылымдар мен мемлекеттік органдар аталған бұйрықпен таныстырылды.

   Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы негізінде   біздің мектепте жұмыстар ұйымдастырылуда. Мөлтекаудандар бойынша жауапты мұғалімдер белгіленіп, 0-18 жасқа дейінгі балалар тізімі алынып, рейд жүргізілді. Біліммен қамтылмай қалған балалар анықталған жоқ.

  Мектеп директорының бұйрығы бойынша балалардың 1 қыркүйектен бастап  жаппай  мектепке қатысуын қамтамасыз етіп, сынып жетекшілер және тәлімгер Камалиева Н.Х. күнделікті  оқушылардың сабаққа қатысуын міндетті түрде қадағалап отырады.

 1- ші қыркүйекте мектепке келген оқушылар саны- 109, мектепалды даярлық тобына- 6 бала. Жаңалық ауылынан Амангелді орта мектебіне аудандық білім бөлімінен бөлінген «ГАЗель» автокөлігімен екі ауысымда 13 оқушы тасымалданады.  Олар:  2 сынып- 3 оқушы, 4 сынып-1 , 6 сынып- 3,

7 сынып-1 , 8 сынып- 1 оқушы, 9 сынып-4 оқушы.

  Күнделікті сынып жетекшілер және тәлімгер таңертең І ауысымда сағат 8.15- те оларды қарсы алып, сағат 14.45- те үйлеріне шығарып салады.

ІІ ауысымда сынып жетекшілер сағат 14.20-да қарсы алады да, 19.40- та шығарып салады.

 «Мектепке жол» республикалық  акциясы ұйымдастырылып, көпбалалы, тұрмысы төмен балаларға  Аудан бойынша көмек жасайтын кәсіпорындар мен мекемелер белгіленді.  Алғаш мектепке баратын  көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасынан  тіркелген  3 оқушыға келесі көмектер жасалынды.

  Атап айтсақ:  Батхаш Санжарға   Аудандық электр стансасы  бөлімі  мектепке  қажетті киім кешек, кеңсе тауарлары, спорттық киім мен аяқ киімдеріне 32800 теңге көлемінде көмек жасаса , Амангелді орта мектебінің  мұғалімдер ұжымы  Садуова Адемаға мектеп формасы, сумка және мектепке қажетті заттары жалпы  сомасы 20000 теңгеге көмек  жасап,  Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты  Күлен Алматқа  да мектеп формасын, жалпы сомасы  15200 тенгеге көмек жасалынды.

  Сонымен қатар, демеушілік жасап,  акция  барысында көмек қолын  созған   Аңғал батыр ауылдық   мешіті Кузьменко Никитаға  10000 теңге, мұғалімдер тарапынан  да демеушілік көмек жасалынып,  Салық Еркежанға  10000   теңге ақшалай  беріп, сол қаражатқа екі оқушыға да мектеп формалары алынды.

  Мектеп кітапханашысы Сатаева Ш.К. ең алдымен көпбалалы  және тұрмысы төмен оқушыларды түгел оқулықтармен қамтамасыз етіп, күнделікті оқулықтарды тексеріп отырады. Мектепте көмекке мұқтаж  отбасылардан  және мемлекеттік атаулы  әлеуметтік  көмек алуға құқылы отбасылардан  шыққан  жалпы  26  оқушы ( соның ішінде 25 мемлекеттік атаулы көмек алуға құқылы  отбасылардан шыққан балалар  және +1 жетім оқушы)  мектеп асханасынан  ыстық тамақпен тегін тамақтанады. Оқушыларды  ЖК «Альбина» тамақтандырады. Мектепте оқушылардың тамақтану сапасын тексеру бойынша комиссия ұйымдастырылды. Асханада  екі апталық және күнделікті  ас мәзірі ілінген. Асхананың санитарлық жағдайы санитарлық қалыптарға сәйкес келеді.

Бір күндік ыстық тамақ құны орташа   335,10  теңгені құрайды. Асханада оқушылар І ауысымда бір үзілісте сағат 11.35-те 20 оқушы тамақтандырылады, ал түстен кейін ІІ ауысымда 15.55-те 6 оқушы тамақтанады. Асханада 1-тоңазытқыш,1- электроплита, 1- микротолқынды пеш, жаңа 6 үстел, 36 орындықпен 100 % ыдыс-аяқпен қамтылған. Оқушылардың тамақтануына жеткілікті ыдыс-аяқ бар. Тамақтанудың күнделікті мәзірі жасалады. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық, барлық жуғыш және залалсыздандырғыш заттар жеткілікті, жаз айларында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Асханада ыдыс жуатын арнайы орын жасалған, канализация торабы жоқ. Асханаға ішетін су орталық құбырдан алынады. Аспазшы Жаксылыкова Н. Т. -  медициналық тексерістен өткен, санитарлық кітапшасы бар. Жаппай біліммен қамту қорынан мектеп бойынша ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 26 оқушыға қыркүйек айында мектепке қажетті оқу құралдары, спорт киімдер мен аяқ киімдер табыс етілді

Мектеп директоры:              Н.К. Шокаев

Просмотров: 428


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст